Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
 | 1 | Ниеткалиев Ерденбек | Көше Кеңес Одағының батыры, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалінің иегері Нетқалиев Ерденбек Ниетқалиұлының құрметіне берілген. | Көше | |
 | 2 | Егізбаев Рахметолла Сүйіндікұлы | Көше мемлекет қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері. Бірнеше рет Қазақстан компартиясы съездеріне делегат, облыстық советінің депутаты, Халықтар Достығы ордені және Еңбек Қызыл Ту орденінің 3 мәрте иегері, Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаевтің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 3 | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы | Атау Кеңес Одағының батыры, қаһарман қазақ қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың құрметіне берілген | Көше | |
 | 4 | Мұқағали Мақатаев | Көше атауы қазақтың ақиық ақыны, лирик, аудармашы Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың құрметіне берілген | Көше | |
 | 5 | Өтепкалиев Мұқамаш | Көше атауы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Өтепкалиев Мұқамаштың құрметіне берілген | Көше | |
 | 6 | Абай (Ибраһим) Құнанбаев | Көше атауы қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының құрметіне берілген. | Көше | |
 | 7 | Достық | «Достық» атауы ҚР азаматтарының өзара жауапкершілігі пен қамқорлығының, рухани жақындығының белгісі ретінде берілген | Көше | |
 | 8 | Астана | Қазақстан Республикасының елордасы құрметіне берілген. | Көше | |
 | 9 | Дәрішев Мұхаметжан Кайымұлы | Көше Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Құрмет Белгісі орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен, бірнеше медальдармен марапатталған Дәрішев Мұхаметжан Кайымұлының құрметіне берілген. | Көше | |
 | 10 | Абылай (Әбілмансұр) хан | Көше Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханның құрметіне берілген. | Көше | |
 | 11 | Бейбітшілік | «Бейбітшілік» атауы ҚР азаматтарының достығының белгісі ретінде берілген | Көше | |
 | 12 | Тәуелсіздік | Атау Еліміздің Тәуелсіздігінің құрметіне берілген | Көше | |