Жұбан Молдағалиев ауылы

Атауы:
МәртебесіАтауыСипаттамаТүріКарта
Ok1Ж.МолдағалиевМемлекеттік тілдегі атау, қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің құрметіне берілген.Көше
Ok2Т.СұлтанғалиевКөше атауы ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер, соғыс және еңбек ардагері, Ленин, Қызыл Ту ордендерінің иегері Тәтібай Сұлтанғалиевтің құрметіне берілген. Көше
Ok3ЖеңісКөше Жеңіс күнінің құрметіне қойылған.Көше
Ok4Т.МасинҚызыл Армиясының майоры, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Темір Жантикеұлы Масиннің құрметіне берілген.Көше
Ok5С.ЕркебаевКөше атауы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сәйімжан Еркебаевтың құрметіне берілген. Көше
Ok6С.ДатұлыКөше атауы Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының құрметіне берілген. Көше
Ok7М.МәметоваКөше атауы Кеңес Одағының батыры, қаһарман қазақ қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың құрметіне берілген.Көше
Ok8ЖелтоқсанКөше атауы Қазақстан тарихындағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен байланысты.Көше
Ok9С.СейітовКөше атауы жергілікті ақын С.Сейітовтің құрметіне берілген.Көше
Ok10Ә.МолдағұловаКөше атауы Кеңес Одағының батыры, мерген, қазақтың қайсар қызы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың құрметіне берілген Көше
Ok11ЖағалауМемлекеттік тілдегі атау. Қоршаған ортаның физика-географиялық қасиетін көрсетеді.Көше
Ok12СұңқарҚұстың атауы қойылған. Көше
Ok13Жас отауКөшеде жас отбасылар көп тұратындығына байланысты осылай аталған.Көше
Ok14Қ.МырзалиевКөше атауы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлының құрметіне берілген. Көше