Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
 | 1 | Х.Доспанова көшесі | Көше атауы Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанованың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 2 | А.Герасимов көшесі | Көше атауы белгілі дәрігер, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Герасимов Александр Александровичтің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 3 | Ғ.Зарипов көшесі | Көше атауы ұлағатты ұстаз, өлкетанушы, Қазақстан Халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Зарипов Ғұмардың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 4 | Б.Жұманиязов көшесі | Көше атауы көрнекті композитор, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі, профессор Жұманиязов Базарбай Сағадиұлының құрметіне берілген. | Көше | |
 | 5 | Жәңгірхан көшесі | Көше атауы Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның баласы. Генерал-майор, Қазан университетінің құрметті мүшесі Жәңгір ханның құрметіне берілген. | Көше | |
 | 6 | М.Зұлқашев көшесі | Көше атауы көп жылдар бойы ауданның басшылық қызметтерінде болған Зұлқашев Мүлкайдың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 7 | О.Ділмашев көшесі | Көше атауы Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз Оразбай Ділмашевтің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 8 | Т.Жароков көшесі | Көше атауы қазақ халқының белгілі ақыны Тайыр Жароковтың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 9 | Ш. Шарафутдинов көшесі | Көше атауы жеке кәсіпкерлер кооперативінің басшысы Шәңгерей Шарафутдиновтың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 10 | Мұхаммед-Салық Бабажанов көшесі | Көше атауы этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы Бабажанов Мұхамед-Салықтың құрметіне берілген. | Көше | |