Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
 | 1 | А.Маметов көшесі | Көше атауы Бөкей ауданындағы Алаш қозғалысына қатысушы, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер Мәметов Ахметғалидың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 2 | Ш.Жексенбаев көшесі | Көше атауы әскери қайраткер, генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 3 | Ә.Менеев көшесі | Көше атауы Бисен совхозының 1-ші директоры, ауылдың өркендеуіне, Бисен совхозының құрылуына үлес қосқан азамат Әбіш Менеевтің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 4 | А.Сүндетов көшесі | Көше атауы Социалистік Еңбек Ері, жылқышы және ауылшаруашылығының дамуына зор үлес қосқан азамат Айтжан Сүндетовтің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 5 | Ш.Еспанов көшесі | Көше атауы шопан, ауылшаруашылығының дамуына зор үлес қосқан азамат Шәкір Еспановтың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 6 | Н.Жамангарин көшесі | Көше атауы шопан, ауылшаруашылығының дамуына зор үлес қосқан азамат Нұрлыбай Жамангариннің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 7 | З.Жиеналиев көшесі | Көше атауы “Жауынгерлік ерлігі үшін”, “Қызыл жұлдыз” ордендерінің иегері, ауған соғысының ардагері Жиенәлиев Зұлзала Мағзомұлының құрметіне берілген. | Көше | |
 | 8 | Т.Масин көшесі | Көше атауы Қызыл Армиясының майоры, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Темір Жантикеұлы Масиннің құрметіне берілген. | Көше | |