Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
 | 1 | Ахат Аяпов көшесі | Көше атауы соғыс және еңбек ардагері Ахат Аяповтың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 2 | Айтмұқанов Болат Әшімұлы көшесі | Көше атауы Казталов аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, ал 1985-1989 жылдары Қараоба совхозының директоры қызметтерін атқарған Болат Айтмұқановтың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 3 | Қатимолла Бердіғалиев көшесі | Көше атауы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртісі Катимолла Бердіғалиевтің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 4 | Нығымет Нағымов көшесі | Көше атауы айтыскер ақын Нығымет Нағымовтың құрметіне берілген. | Көше | |
 | 5 | Тоқтар Әубәкіров көшесі | Көше атауы қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне берілген. | Көше | |
 | 6 | Желтоқсан көшесі | Көше атауы қазақ тарихындағы белгілі оқиғаға байланысты қойылған. | Көше | |
 | 7 | Жұмысшы көшесі | Көше атауы жастарды еңбекке тарту мақсатында қойылған. | Көше | |
 | 8 | Бейбітшілік көшесі | Мемлекеттік тілдегі атау, дерексіз зат есім. | Көше | |
 | 9 | Бөгет көшесі | Көше атауы негізгі нысанның орналасу орнына байланысты алынған. | Көше | |
 | 10 | Жаңа құрылыс көшесі | Көше атауы жаңадан салынған үйлердің осы бойда көп орналасуына байланысты берілген. | Көше | |