Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
 | 1 | Тәуелсіздік көшесі | Бұрынғы Советская көшесі. Қазақстан егеменді ел болуына байланысты Тәуелсіздік атауымен өзгертілді. | Көше | |
 | 2 | Бейбітшілік көшесі | Бұрынғы Октябрьская көшесі. Елімізде тыныштық, бірлік болсын деп Бейбітшілік атауы берілді. | Көше | |
 | 3 | Қарашығанақ көшесі | Бұрынғы Молодежная көшесі. Тарихи Қарашығанақ атауы берілген | Көше | |
 | 4 | Ақжол көшесі | Бұрынғы атауы - Утвинская көшесі. Қазіргі көше атауы ізгілік пен жақсылықтың нышаны саналады | Көше | |
 | 5 | Ынтымақ көшесі | Бұрынғы 8 март көшесі. Ауылымыздың халқы ынтымақ бірлікте болсын деген оймен Ынтымақ атауы берілді. | Көше | |
 | 6 | Жеңіс көшесі | Бұрынғы Школьная көшесі – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Жеңіс көшесі деп берілді. | Көше | |
 | 7 | Атамекен көшесі | Бұрынғы Юбилейная көшесі. Қазіргі көше атауы туған жерге деген махаббатты насихат етеді | Көше | |
 | 8 | Атамұра көшесі | Бұрынғы Кооперативная көшесі. Атадан қалған мұраны қастерлеп ұмытпайық деген оймен Атамұра атауы берілді | Көше | |
 | 9 | Бірлік көшесі | Бұрынғы атауы Кубанская көшесі. Халық бірлікте болсын деген оймен Бірлік атауы берілді. | Көше | |
 | 10 | Еділ көшесі | Бұрынғы атауы Южная көшесі – Еділ өзенінің атымен Еділ көшесі атауы берілді. | Көше | |
 | 11 | Жайық көшесі | Белгілі өзен атымен аталған. | Көше | |
 | 12 | Халықтар достығы көшесі | Көше атауы ҚР азаматтарының өзара жауапкершілігі мен қамқорлығының, рухани жақындығының белгісі ретінде берілген | Көше | |
 | 13 | Тың дала көшесі | Бұрынғы атауы Степная көшесі – Тың жерлерді игеруге байланысты Тың дала көшесі атауы берілді. | Көше | |
 | 14 | Жағалау көшесі | Жайық өзені жағалауына жақын орналасқандықтан аталған. | Көше | |